Жақында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың және облыстық қыздар секторының төрайымы Гүлжамила Ахметованың бастамасымен «Әжелер елдің жүрегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Жүздесу басында облыс орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, имандылық жолы кішіпейілдікке, кісілікке, қанағаттыққа, жанашырлыққа, ізгілік пен қайырымдылыққа үндейді. Баршамызға ұсынған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының мақсаты - қазақы ұлттық болмысымызды жандандырып, тірілте түсу. Бүгінгі ізгілігіміз бен қайырымдылығымыз жетісе бермейтін қоғам үшін рухани жаңғыруды негізгі өзегіне айналдырған бұл игі бастама деп білемін. Өткен жылы да облыстық «Әйелдер мен қыздар» секторы қайырымдылық істер мен игі шараларды көп ұйымдастырып, жамағат көңіліне жылылық пен ізігілікті сыйлады. Әр істеріне береке берсін,-деп оң бағасын берді өкіл имам.
Орталық мешітінің ұстазы, БҚО бойынша «Әйелдер мен қыздар» секторының төрайымы Гүлжамила Ахметова жұмысын жаңа бағытқа көтеру мақсатында бірқатар тың шаралар мен жылдық ісің жоспарлап, жиылғандарға ұсынды.
Жүздесуге келген әжелер ұсынылған жоспарды қош көріп, Алла ісіңізді оңдасын, дұға жасады.
Ендеше, ісіңізге береке берсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
22.01.2018
3381
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру