Жұма күні Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасымен еліміздің барлық мешіттерінде, соның ішінде Ақтөбенің 67 мешітінде де Ырғыз ауданындағы өрт кезінде қаза тапқандардың рухына бағышталып, дұға жасалды.
Мешіт имамдары «Дүние - ақырет егістігі» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, мына өлшеулі өмірде садақа беру, ислам ілімін үйрену, көркем мінезді болу сынды сауапты амалдарды көбірек жасауға тырысу керектігін, құлшылыққа құлшыныс таныту керектігін тілге тиек етті. Жұма уағызының соңында барша жамағатпен бірге ел іргесінің бүтіндігі, басымыздың амандығы үшін тілек тіленіп, кешегі қайғылы жағдайда қаза тапқан өзбек ағайындарымызға дұға бағышталды. Алла оларды рақымы мен мейіріміне бөлесін деп тілек тілеген жамағат, оқыс оқиғадан ғибрат алып тарасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
22.01.2018
3377
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру