Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау, шымыр ұрпақ тәрбиелеуге ат салысу, жасөспірімдердің қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру мақсатында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен аудан, қала имамдарына осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Осы бағыт бойынша Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында жасөспірімдер арасында хоккей сайысы өтті. Бәсекені «Күршім аудандық мешіті» ұйымдастырды.
Шайбалы хоккейден өткен бұл сайысқа аудан мектептерінің командалары қатысып, шебер ойын көрсетті.
Ойыншылардың тапқырлығына, ептілігіне, жылдамдығына қарап олардың белсенділігі және жарысқа деген ынтасын көруге болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
22.01.2018
3679
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру