Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Адами капиталдың дамуы – жаңғыру негізі (ФОТО)

muftyat.kz 19.01.2018 4415 0 пікір
Адами капиталдың дамуы – жаңғыру негізі (ФОТО)

Бүгін Әбу Ханифа атындағы медресе колледжінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауы жан - жақты түсіндіріліп, талқыланды. Медресе колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет Пірмәнұлы студенттерге жыл сайын Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысының жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан әрі жақсартуға бағытталған басты құжат болып есептелетінін, жалпы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық қызмет көрсету, көлік және байланыс сапасының жақсаруы – өмір сүру денгейінің басты көрсеткіштері болып табылатынын айта келе, білім беру саласының қызметкері болғандықтан, бізге адам капиталының жаңа сапасына қатысты жетінші міндетті жан жақты түсіндіріп өтті.

Ал фил.ғ.к., Халықаралық бизнес университетінің аға оқытушысы Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы студенттерге адам капитал деген не? Әдетте, капитал десе біздің ойымызға қаржы, байлық, ақша, құн, мұнай, газ, алтын секілді сөздер келеді. Ал, бүгінгі күні адам капиталы дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бүгінгі бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы. Осыған байланысты білім, енді, экономикалық категорияға айналды, ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары болады.

Жалпы алғанда, Жолдауда көрсетілген 10 басты міндеттің ең негізгісі де осы – жетінші басымдық болса керек. Олай деуге негізгі себеп - барлық он міндетті де осы жетінші басымдыққа атап көрсетілген заман талабына сай жетілген білікті адами капитал жүзеге асыра алатындығын айтты. Жиынға қатысқан оқытушылар мен студенттер жолдау туралы пікірлерін білдірді. Еліміз үшін бұл жолдау өте маңызды екенін айтып, бір ауыздан қолдау білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру