ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңірге қарасты аудан, қала имамдарына ҚМДБ-ның басты құжаттарын таныстыру бойынша семинарлар мен басқосулар ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Осы міндеттерді іске асыру бағытында Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешіті» іс-шара өткізді. Аудандық мешітте өткен шараға ауыл молдалары мен Зайсан қаласының ақсақалдары қатысты.
Жиынға қатысушыларға ҚМДБ-ның басты құжаттары болушы «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» және «Мұсылманның тұлғалық келбетін» құжаттары таныстырылып, бұл құжаттарды игеру, халыққа жеткізудің маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар ақсақалдарға кері ағымдар жайлы дәріс берілді.
Жиында ақсақалдар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
18.01.2018
3758
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру