Еліміздің өркендеп өсуі, білікті де білімді діни қызметкерге байланысты десек қателеспейміз. ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің сөзінде: "Қазіргі уақытта дін мамандарының, имамдар мен исламтанушы ғалымдардың бедел-мəртебесін көтеріп, олардың діни һəм зайырлы білімді игеруі - заман талабы" делінген.
Сол үшін де, имамдардың ұжымдық мәдениетін көтеру үшін, Талдықорған орталық "Иман" мешітінде семинар-тренинг болып өтті. Тренингті xалықаралық дәрежеде сертификатталған коуч, Ақан Мергембай жүргізді.
Тренинг өмірдегі түрлі мысалдар, өткен ғалымдардың сөздері және Құран аят-хадистерімен толықтыра қызықты түрде өтті. Тренингтен өздеріне көп әсер алған имамдар, тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижесінде өздеріне керекті 3 нәтижеге қол жеткізді. Олар:
- Мешітке келген адамды "Алланың қонағы" деп қабылдау, яғни ол кісінің көңіліне, проблемасына жіті көңіл бөлу, барынша мұқтаждығынан шығаруға тырысу.
- "Әр имам - менің бауырым" деу, яғни ұжымдағыларлардың бір-біріне жанашырлығы.
- "Мен жанбасам лапылдап...", яғни дінге мен қызмет қылмасам, кім қылады деген ықылас пен жігерде жүру.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
18.01.2018
4092
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру