Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қыздар арасында конькимен сырғанау серуені өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 17.01.2018 3780 0 пікір
Қыздар арасында конькимен сырғанау серуені өтті (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «1 айлық білім жетілдіру курсында» дәріс алып жатқан қыздар арасында конькимен сырғанау серуені ұйымдастырылды.

Шара Өскемен қаласындағы сырғанақ алаңында болып, оған шәкірттер көптеп қатысты. Айтулы серуенді өкілдіктің «Жастар ісі бойынша бөлімі» өткізді.

 «Біз салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қыздар арасында осынау серуенді ұйымдастырып отырмыз. Бұл бір жағынан қыздардың спортқа қызығушылығын арттырса, келесі жағынан таза ауада саяхаттау, табиғат тынысын сезіну және шәкірттердің өзара ынтымағын нығайтуға бағытталған. Алда басқа да шаралар жасалады» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

 Сырғанақ-серуен көңілді өтті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру