Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы халыққа Жолдауы жан-жақты түсіндіріліп, талқыланды. Проректор, профессор Шамшәдин Керім студенттерге Елбасы жолдауының маңызы мен қоғамның тыныс-тіршілігі, замани өзгерістерге сай жаңа бағыттарды қамтып отыратынын айта келе, әрбіріміздің елдегі басты жаңалықтардан үнемі хабардар болу керектігімізге тоқталды.
Ал филос.ғ.д., профессор Қайрат Затов мақаланы талдап, студенттерге жан-жақты түсіндіріп берді. Қазіргі уақытта кез келген адамның, маманның ұстанатын негізгі бағыттары, құндылықтары қандай болуы керек деген сауалдарға мақалаға, өмірдегі жағдайларға сүйеніп түсіндіріп берді. Осыдан бірнеше жыл бұрын сандық жүйе туралы түсінік көпшілігімізге түсініксіздеу еді. Ал 2018 жылғы жаңа Жолдаудың басты бағыты – әлеуметтік дамудың барлық салаларына енетін экономиканың жалпы цифрландырылуы. Қоғам сандық кезеңге аяқ басқандықтан киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы да артуда. Тіпті ірі компаниялар мен банктердің өзі вирустық бағдарламалардан зардап шегуде. Яғни қазіргі уақыт әрбір адамның интеллектуалды дамуын, сергек саналы, білімді де көзі ашық болуын талап етуде.
Профессор Қайрат Айтбекұлы қазір адами капиталға көңіл бөлетін кезең екенін айта келе: Адамға салған инвестиция қайтады. Мысалы мұнайдың 1 бареллінің бағасы мен кішкентай ғана қалта телефонының құнын салыстырыңыз. Осы бір мысалдан адамның өзін-өзі жетілдіріп, дамытудың маңыздылығын көрсетеді,-деп студенттерді білімге, заман ағымына ілесе отырып, жаңаруға, басты құндылықтарды дәріптеуге шақырды.
Студенттер де биылғы Жолдаудың бұрынғылардан өзгешелігіне зер салып, көкейлеріне пайдалы ақпарат түйсіне түсті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
17.01.2018
3832
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру