Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Асан ауылдық мешітіндегі игі шара

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 17.01.2018 4253 0 пікір
Асан ауылдық мешітіндегі игі шара

Құптан намазынан кейін Зеленов ауданы, Асан ауылдық мешітінде  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің атынан ақдастархан жайылды.

Ақ дастарханға  облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов,  облыстық, қалалық мешіттерінің наиб имамдары мен ауылдың ақсақалдары, мешіттің жамағаты, «Орал» медресесінің ұстаздары мен шәкірттері қатысты.

Жақында ғана іргетасы қаланып, жуырда ашылған Асан ауылының мешітінде құптан намазын ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы  жамағатпен бірге оқып, дастархан басында жиылғандарға «Ауызбіршілік» жайында уағыз айтып, жыл басынан бастау алған рухани жанғыру аясында, жамағатты патриоттық сезімді оятатын ізгі шараларды әдетке айналдыруға шақырды.

Ал, Тәжіден Батырұлы атындағы қалалық мешітінің наиб имамы Әсет Романқұлов ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі  өміріне тоқталып, ізгіліктің дәнін сепкен әңгімесімен кештің шырайын келтірді.

Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов мешіттің ішкі ережесіне тоқталып, жамағатты бірлесе қызмет жасауға шақырды.

Жиылған қауым мешітке лық толы болып, қажетті уағыз насихат тыңдап, иманын нығайтып, рухани азық алып қайтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру