Еліміздегі жоғары оқу орындары оқытушылары арасында жыл сайын ең үздіктеріне таңдау жасалады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылғы қорытынды бойынша мыңдаған ұстаздар арасынан ең үздіктердің тізімін шығарды.
Биылғы топ жарғандар құрамында Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, психология ғылымы бойынша PhD докторы, доцент м.а. (міндетін атқарушы) Әлия Төлегенова суырылып шықты.
Жалпы университеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Әлия Аманғалиқызы дәрістері барысында шәкірт бойындағы тұлғалық қабілеттерді ашуға негіздеп, ғылым мен өмірлік жағдайларды қатар қамтып отырады. Дәрістерден тыс қыздар арасында кішігірім тренингтік қосымша сабақтар өткізіп: иманды қыз, ибалы келіннің келбеті, өзін өзі ұстау, жетілдіру мәселелері жөнінде үйретеді. Оған қоса республикалық «Асыл арна» телеарнасында психологиялық жағдаяттарға арналған орыс тілінде авторлық бағдарлама жүргізеді. Өз мамандығының шебері әрі тек жоғары оқу орын аудиториясымен шектелмей, қоғам өміріне барынша игі үлес қосушы психолог-ұстаз Әлия Төлегенова ханымды жеңісімен құттықтаймыз. Бұл саладағы жеңіс университетіміздің 16 жылдық тарихында тұңғыш рет екенін еске сала кетейік.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
16.01.2018
7731
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру