ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өкілдіктің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «1 айлық білім жетілдіру курсында» оқып жатқан әйелдер жамағатына дәріс берді. Сабақ барысында өкіл имам оларға «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасын» түсіндірді.
«Тұғырнама-біздің басты құжаттарымыздың бірі болып табылады. Мұнда қоғамдық қатынастардың дініміз Исламмен сабақтастығы турасында кең ауқымды түсінік берілген. Атап айтқанда «Ислам және отбасы» тарауында отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесі жайлы барынша түсінікті айтылған. Жалпы Тұғырнамада Қазақстан мұсылмандарына қатысты барлық жайттар жазылған. Бұл құжатты насихаттау барлығымызға ортақ маңызды міндет»,- деп атап өтті Ермек қажы Тасболатұлы, дәріс барысында.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қазіргі таңда өңірге қарасты аудандардан 50-ге тарта әйелдермен қыздар дәріс алып жатыр.

Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру