ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі жамағаттың өзара бірлігін арттыру, мешіт қызметкерлері мен халық арасындағы байланысты тереңдете түсу мақсатында мешіт жамағатын қамтыған шараларды көптеп ұйымдастырып келеді.
Осы бағытта Шығыс Қазақстан облысы «Күршім аудандық мешіті» Ертіс өзенінде балық аулау сайысын өткізді. Сайыс-серуенге мешіт қызметкерлері мен жамағаты, ауыл имамдары қатысты.
Шара таза ауада, көк мұздың үстінде көңілді өтті. Сонымен қатар осындай игі шараны Тарбағатай ауданы «Байжігіт баба» мешіті де ұйымдастырды. Шараға әр ауыл мешіттері өз жамағатымен қатысып, сайысқа түсті. Қысқа уақытта ең көп балық аулаған қатысушылар марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
Табиғат аясындағы осынау көңілді серуенге қатысушыларға «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов алғыс айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызмет
15.01.2018
3694
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру