Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы Орталық мешітінің орыс тілді тобының шәкірттеріне сертификат табысталды

muftyat.kz 15.01.2018 4411 0 пікір
Алматы Орталық мешітінің орыс тілді тобының шәкірттеріне сертификат табысталды

Алматы Орталық мешіті жанында діни сауат ашу курсы қос тілде, тұрақты түрде жемісті жұмыс істеп келеді.

Сауат ашу курсының орыс тілді бөлімінің қыз- келіншектері кезекті оқу мерзімін аяқтап, емтихан тапсырды. Емтихан  Құран Кәрім, тәжуид, иман шарт, ғылымхал пәндерінен қабылданды.

Емтиханды жоғары дәрежеде тапсырып, алған білімдерін жан-жақты көрсете білген шәкірттерге сертификат табыстау  рәсімі өтті. Алматы Әйелдер-қыздар секторының басшысы, Орталық мешіттің ұстазы Ахметова Маржанқыз жиналған жамағатқа ілім алудың артықшылығы және ауызбіршілік жәйлы тұшымды уағыз насихат айтты әрі алдағы уақытта білімдерін жалғастыруға үндеді.

Емтиханнан өткен 40-қа жуық шәкіртке, Алматы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Ауесханұлының атынан, Алматы қаласы бойынша оқу- ағарту саласының жауаптысы Сапанов Талғат Дайрабайұлы мен Ахметова Маржанқыз сертификат табыстады. Сондай-ақ шәкірттерді ынталандыру үшін Құран Кәрім сыйға тартылды.

Шара соңында шәкірттердің бірлігін арттыру, ұстаздар мен шәкірттер арасында тығыз қарым- қатынас орнату мақсатында дастархан жайылып, уағыз- нәсихат айтылды.

Айта кетейік, өткен айда сауат ашу курсының қазақ тілді тобының 96 шәкіртіне бірінші және екінші деңгей бойынша сертификат табысталған болатын. Бұл сатылай оқыту үрдісі шәкірттердің білім жолындағы ұмтылысын арттыра түсетіні анық.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру