Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен ҚМДБ-сы төрағасының бірінші наиб мүфтиі, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Наурызбай Қажы Тағанұлы келді. Қызылжар орталық мешітінде «Жаназа және жерлеу» рәсімдеріне арналған жиынға қатысқан Наурызбай Қажы Тағанұлы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабына тоқталып өтті. Бұл кітапта жаназаға қатысты барлық мәліметтер қамтылған. 2 жыл ғұламалар кеңесінде қаралған. Жамағатқа тағы бір таныстырып өтіп, жаназа жайлы өз пікірін білдіріп өтті. Сонымен қатар айтулы шараға ҚМДБ СҚО өкілдігі, облыстық ардагерлер кеңесі, облыстық қажылар қауымдастығымен зиялы қауым өкілдері қатысты. Басты мақсат шариғатқа қарсы келетін ысырапшылдыққа, бекерге мал шашуға тосқауыл қою, қара жамылып отырған отбасына ауыртпашылық түсірмеу, өңірдегі діни рәсімдерді бір ізге келтіру. Шара барысында жиналған қауым, жаназа жайында өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар дастарханға қойылатын ас мәзірі, дұғаға сойылған мал етін турап беру, жаназаға қатысушыларға жыртыс,орамал, киім, кілем сынды т.б заттарды таратуға тосқауыл қою мәселелері жіті талқыланды. Жиын қорытындысына сай, бірауыздан шешім қабылданып, мақұлданды.
Сонымен қатар іс-сапармен келген ҚМДБ-сы төрағасының бірінші наиб мүфтиі, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы Наурызбай Қажы Тағанұлы мәуліт мейрамына да қатысып, ҚМДБ-ның бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлының сәлемін жеткізді. Н.Погодин атындағы орыс драма театрында ұйымдастырылған іс-шарада жиналған жамағатқа уағыз айтып, пайғамбарымыз Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі жайлы, ғибратты ғұмыры жайына тоқталып өтті.
Шараны қасиетті Құран аяты мен бастап, «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммад Құтб мәуліт оқыды. Сонымен қатар киелі қара шаңырақ С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының актерлары қойылым көрсетті. Мешіттің кішкентай шәкірттері салауаттар оқыды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
15.01.2018
3654
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру