13 қаңтар күні Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Ақсу қалалық мешіті футболдан мешіттер жамағаты арасында турнир өткізді. Бұл турнирға «Ақсу» мешіті, «Қожабек» мешіті, «Ғазиз» мешіті, Спартак ауылдық мешіті, «Ақмешіт» мешіттері жамағаттарынан жасақталған командаларын қатыстырды.
Жарыс басталар алдында сөйлеген «Ақсу қалалық» мешітінің имамы Омаров Әбдімүтәліп бұл турнир Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылып жатқанын және мешіттер жамағаты өзара танысып, бауырлық қарым-қатынас жасау мақсатында екенін айтып өтті.
Ауданаралық футбол турнирі сағат 10-20 да басталып, сағат 17-00 де аяқталды. Ойын өте тартымды, қызу бәсекелестікте өтті.
Нәтижесінде:
1- орынды Май ауданы «Қожабек» мешітінің командасы ұтып алса, 2- орынды Ақтоғай ауданы «Спартак ауылдық» мешітінің командасы иеленді. Ал, 3-орын жүлдесі Ақсу қалалық мешітінің еншісіне бұйырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
15.01.2018
3010
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру