ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің тапсырмасын талқылау мақсатында Өскемен аймағына қарасты ауыл имам-молдалары мен қала, аудан наиб имамдары Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бас қосты. Шараны ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұйымдастырды.
Жиналыста Бас мүфтидің тапсырмалары талқыланып, өткен жылғы атқарылған шаралар қорытындыланып, маңызды мәселелер пысықталды.
Ол өз сөзінде өңір бойынша 160-тай имам білім жетілдіру курсына қамтылып оқытылғаны туралы ерекше айтып өтті.
Сонымен қатар өкіл имам «Уақып» қоры бойынша мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық туралы айта келе, болашақта бұл санатқа ауыл молдаларын молынан қамту туралы ойын білдірді.
Алқалы бас қосуда кері ағымдарға қарсы күрес, оқу ағарту, уағыз-насихат, жастар ісі, «әйелдер-қыздар» секторының жұмысы, қаржылық есеп, мешіттер тіркеуі, іс-қағаздар, «Зекет», «Халал», «Тауаф» қомпаниясы қатарлы жауаптанған салалары бойынша облыстық мешіттің наиб имамдары баяндама жасады.
Жиында ауыл молдалары бүгінгі таңдағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша өз пікір - ұсыныстарын білдірді. Өкіл имам ауыл имамдарының сауалдарына жеке-жеке жауап беріп, кейбір мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді.
Кеңесте әсіресе кері ағымдарға байланысты жасалып жатқан жұмыстарға басты назар аударылып, осы бағытта имамдарға тапсырмалар берілді.
Бас қосуға Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Айтқұрман Тұрғанбаев қатысып, бүгінгі таңдағы діни ахуал туралы баяндады.
Жиында ауыл имам-молдаларына қажетті кітаптар таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
15.01.2018
3347
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру