Кеше Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде ақшам намазынан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жамағатпен бірге намаз оқып, Құран оқудың ерекшеліктері жайында уағыз-насихат айтты.
Кездесу соңында «Бекет-ата» мешітінің 15 жылдығына арналған Құран Кәрім жарысында 1 орын алған мешіт шәкірті Айболат Ұсынаддінұлына және «Бекет-ата» мешітінің наиб имамы Берік Арғынбекұлына мешіттің интернеттік ақпараттандыру саласында үздік қызметі үшін Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қолынан кіші қажылықтың сертификаттары табысталды.
Сондай-ақ, кіші қажылыққа аттанып бара жатқан бір топ мешіт жамағатына Бас мүфти ақ батасын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметі
15.01.2018
3784
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру