Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«НҰР ҒАСЫР» МЕШІТІНЕ ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 15.01.2018 3738 0 пікір
«НҰР ҒАСЫР» МЕШІТІНЕ ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бас Мүфтидің бұйрығымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды. Өкіл имам Төлеби Оспан жаңа имам Дарменов Қайратты жамағатқа таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ақтөбенің, дәлірек айтқанда Ырғыздың тумасы Дарменов Қайрат Қуанышбекұлы 2009-2012 жылдар аралығында «Ақтөбе медресесінде» «Исламтану» мамандығын меңгерген. Кейін 2012-2016 жылдар аралығында «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып, «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Жаңа имам әлі де білімін жетілдіру үстінде. Ол бүгінде дәл осы оқу орнының 2 курс магистранты.

Алғашқы қызмет жолын туған жері Ақтөбеден бастаған жаңа имам Қайрат  Қуанышбекұлы алдағы уақытта асыл дінімізге аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз.

Өкіл имам тақырыпқа сай жұма уағызын жүргізіп, исламдағы бауырмашылық ұғымына тоқталды. Алланың разылығы үшін дос болу, мұсылман бауырыңның қателігіне кешіріммен қарау, жолдасыңа үкім айтушы емес, үзір іздеуші болудың мұсылмандық сипаттардан екендігін тілге тиек етті. Ұлы Абайша айтқанда, "Біріңді қазақ, біріңді дос көрмесең, істің бәрі бос" екендігін айтып, бауырмашылыққа, бірлікке үндеді. Сондай-ақ, намаз соңында жамағатпен бірге дұға жасалып, орамал мәселесі оңды шешілсін, ел ішінде ешқандай бүлік болмасын деп тілек тіленді. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру