Фото: Самат Мырзалиев
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен кездесті.
Жүздесу барысында қос тарап қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайта түсу, дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін шыңдау, жат ағымның арбауында кеткен жастардың дәстүрлі дінімізге оралуына жан-жақты ықпал ету жайында өзара пікір алмасты.
Облыста діни ахуалдың тұрақты екенін айтқан аймақ басшысы Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, көп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отырғанын жеткізді.
Өз кезегінде бас мүфти діни білім беру мәселесіне тоқталып, жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығын айтты. Сонымен бірге мұсылмандардың рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандырып, қоғаммен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін сөз етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
12.01.2018
4087
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру