Елбасы өз жолдауында «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында» деп атап өткен болатын.
Осы тапсырманы қолдау мақсатында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазіреттің бастамасымен Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өңірдегі діни бірлестік жетекшілеріне арналған «Ашық есік» күнін өткізді. Шараға өңірге арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ наиб мүфтиі Бауыржан Әбдірашұлы қатысты.
ҚМДБ наиб мүфтиі діни бірлестік жетекшілері мен БАҚ өкілдері алдында сөз сөйлеп:
Іс-шара барысында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы меймандарға мешітті аралатып таныстырды. Діни бірлестіктердің жетекшілерімен болған әңгіме барысында өкіл имам Діни басқарма тарапынан діндер арасындағы тұрақтылықты нығайтуға аса мән беріліп отырғандығын айта келе, бұл шараның өңірдегі дінаралық ынтымақтастықты дамытуда аса маңызға ие екендігін жеткізді.
Жиын соңынан ҚМДБ наиб мүфтиі мен өкіл имам діни бірлестік жетекшілерімен бір дастархан басына отырып, емен-жарқын пікір алмасты.
Шара аясында Бауыржан Әбдірашұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
11.01.2018
3869
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру