ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен жамағаттардың ауызбіршілігін арттыру, мешіт жамағатымен тығыз байланыста болу мақсатында түрлі мәдени-көпшілік, спорттық шаралар жүйелі ұйымдастырылып келеді.
Соның бірі – қала мешіттері жамағатының арасында волейболдан өткен жарыс. Жарысқа барлық қала мешіттерінің жамағаты белсене қатысты.
Жарыс нәтижесінде І орынды Шанхай мөлтек ауданындағы «Ыбрайым молда» мешіті, ІІ орынды «Мүсірәлі ата» мешіті, ІІІ орынды Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешітінің жамағаты иеленді.
Бұл ойын Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыруға арналды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
11.01.2018
3948
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру