Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

УМРА ҚАЖЫЛЫҒЫН ҰТЫП АЛДЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 10.01.2018 4483 0 пікір
УМРА ҚАЖЫЛЫҒЫН ҰТЫП АЛДЫ

Әрбір мұсылманның арманы болған қасиетті шаһар, Ислам дінінің тарихы бастау алатын, Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «қолтаңбасы» қалған, топырағына қасиетті табан іздері тиген Мекке-Мәдинәға барып қажылық жасау, қағбаны тауаф ету – ең үлкен бақыт. Осы орайда алғалықтар жақсы бастаманы қолға алды. Жамағаттан бір азаматты умра қажылығына жолдау ниетімен қаражат жиналды.

Екі айға жуық жалғасқан игі шара өткен аптада өз мәресіне жетті. Жамағат дәм басында бас қосып, медресе ұстаздары пайдалы уағыз-насихаттар айтты. Жиын соңына таман жеребе жасалып, умра ұтысының жеңімпазы анықталды. Жамағаттан барлығы 520 мың теңге жиналып, бұл жолдама Қанат Өзбекбаев бауырымызға бұйырды. Алла Тағаладан Қанат бауырымызға жол жеңілдігін тілеп, ұмра қажылығын амандықпен атқарып келсін деп дұға қылдық. Алла осы шараға қатысқан барлық бауырымызға разы болып, мол сауаптардан жазсын.

Алғалық ұйымшыл жамағаттың және бір игі бастамасы – өткен жылы Бас имамның бастамасымен Whats App желісінде Құран хатым тобы ашылды. Қазіргі таңда топқа 30 адам тіркелген. Олар құранның отыз парасын тұрақты түрде оқып, хатым етуде. Алла баршамызды сауапты амалдардың қасынан табылушы, жақсылықта жарысушы жандардан еткей!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру