Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ресейлік ғылыми ізденуші Нұр-Мүбарак жайлы пікірін білдірді

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 10.01.2018 3298 0 пікір
Ресейлік ғылыми ізденуші Нұр-Мүбарак жайлы пікірін білдірді

«Сіздерде мүмкіндік мол...»,- дейді Нұр-Мүбарак университетіне келген ресейлік ғалым

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне ғылыми тағылымдамаға келген ресейлік Фарит Гараев қазақстандық әріптестеріне өз ризашылығын білдірді. Филология ғылымдарының кандидаты, араб тілінің маманы Фарит мырза Нұр-Мүбарак университетіне Мәскеу ислам институты арасындағы келісімшартқа сәйкес ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми ізденуші Нұр-Мүбарактағы мысырлық ғалымдармен тілдесіп, дәрістеріне қатысып, өзара пікір алмасты.

Тікелей араб ғалымдарынан дәріс алу – бұл Нұр-Мүбарак университеті үшін, осындағы шәкірттерге  үлкен жетістік. Бұл Қазақстанның дербес бағыты мен діни дамуына еркіндік беріп, білім мен ғылымға қолдау көрсетуі өте қызығарлық жағдай,-деді Фарит Гараев.

Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы да мәскеулік әріптестердің өтінішіне сай ғылым ізденушіге барынша мүмкіндіктер жасап, тағылымдама күндерінің тәлімді өтуіне мұрындық болды.

   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру