Мұғалжар ауданының Бас имамы Ерболат Жүсіпов «Жыл адамы» атағын алды.
Жыл соңын қорытындылаған жиында аудан әкімі Ербол Жеткергенұлы имамды арнайы марапаттап, оған төсбелгі тақты. Имам Ерболат Нұрылдаұлының ауданның діни ахуалын тұрақтандыру, жамағатын ауызбіршілікке, ынтымаққа үндеу, қала, ауыл мешіттеріндегі қайта қалпына келтіру және қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды шебер үйлестірумен қатар аудандағы қоғамдық іс-шараларға да белсене араласқандығы үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі, сый-сияпат ұсынды.
Сонымен қатар, Темір ауданының Бас имамы Мадияр Пірімқұлов пен Жаңажол вахталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Адаев та марапат алды. Аудан əкімінің орынбасары Шаймов Болат Сетенұлы имамдардың жыл бойы атқарған қызметін жоғары бағалап, Алғыс хат табыстады. Олардың аудан жамағатына дәстүрлі дінді насихаттау, тұрақтылықты сақтау, мешіттерді күрделі жөндеуден өткізу, жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесу секілді игі шараларға атсалысқандықтары үшін алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, қызметтеріне берекет тіледі.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
08.01.2018
3900
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру