Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Бақытжан» мешітіне бас имам тағайындалды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 06.01.2018 3726 0 пікір
Ақтөбе: «Бақытжан» мешітіне бас имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Бас Мүфтидің бұйрығымен Жаңақоныс ауылындағы «Бақытжан» мешітіне жаңадан Бас имам тағайындалды.

Өкіл имам Төлеби Оспан жаңа имам Асылхан Темірхановты жамағатқа таныстырып, оның «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіндегі наиб имамдық қызметі сақталатындығын мәлімдеді. Имамның алдағы қызметіне абырой, жемісті еңбек етуін тіледі. Өз кезегінде жамағатқа да жаңа, жас имамға қолдау білдіру керектігін айтып, жамағат ауызбіршілігіне баса мән берді.

Жаңа имам Асылхан Нұртайұлы тақырыпқа сай жұма уағызын жүргізіп, садақа берудің сауабы мол іс екендігін тілге тиек етті.

Асылхан Темірханов «Астана медресесі» колледжінде, кейін «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алды. Діни қызметін Бұқар жырау аудандық мешітінен бастаған. 

WhatsApp Image 2018 01 05 at 16.18.31

 

WhatsApp Image 2018 01 05 at 16.18.32

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру