Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абдулла қажы Жолдас Ақтөбенің орталық мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 04.01.2018 4719 0 пікір
Абдулла қажы Жолдас Ақтөбенің орталық мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

Өткен жексенбіде белгілі дін қайраткері Абдулла қажы Жолдас Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде болып, жергілікті жамағатпен жүздесті.

«Ынтымағымыз жарасты болсын, ағайын!» тақырыбында уағыз-насихат айтып, ата дініміздің дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен егіздігін, ұл-қызына обал мен ұятты ұқтырып өсірген тәрбиеміздің түп-тамыры да мұсылманшылықтан бастау алатындығын тілге тиек етті. Бүгінгі ұлан-ғайыр қазақ даласындағы бейбіт заманның қадірін білу, ауызбіршілігімізді сақтау, білектің мықтылығын біреуге жәбір көрсетуде емес, жақсылық жасауға жұмсау, дінді дұрыс үйрену, бір-бірімізді бауыр деп танудың маңыздылығына тоқталды. Сұхбат соңында елдің есендігін, исламның өркендеуін тілеп, дұға жасады. Кешкі сұхбатқа 300-ге жуық адам қатысты.

Ислами тақырыптарда жазылған бірнеше кітаптардың авторы, Мәуліт мәтінін қазақ тіліне аударған Абдулла қажы Жолдас қазір Ақтөбеде қонақта. Ұлағатты ұстаз бір сөзінде Құран аударып жатқандығын айтқан болатын. Бүгіннің өзінде «Әнфал» сүресін 50-ге тарта аятын аударған ағамыздың Алла деніне саулық, ісіне берекет бергей деп тілейміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру