Жезқазған қаласы Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Мереке Мырзабекова мен бас маман Бақыт Бралинова Нұр-Мүбарак университеті басшылығымен кездесті. Олармен болашақтағы жұмыс жоспарлары жайлы талқылап, аймаққа Нұр-Мүбарак түлектерін тарту туралы пікір алмасты.
Университет ректоры, профессор Жуда Басюни, проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалармен кездесуден соң білім алушы аймақтық студенттермен кездесті. Нақтырақ, Жезқазған, Сәтпаев қалаларынан келген студенттермен тікелей жүздесіп, жастардың тыныс-тіршілігімен танысты. Аймақ студенттерінің оқуларына қолдау көрсететіндігін жеткізіп, оларды жұмысқа шақырды. Бұл діни ахуалы алаңдатқан ең күрделі нысандарды білімді жас мамандармен қамтамасыз ету арқылы жат ағым жетегіне кетушілерге тосқауыл қою болмақ.
Жезқазған мен Сәтпаев қалаларынан барлығы 15 студент білім алуда. Олар Ішкі істер саясат саласының өкілдерімен қуана кездесіп, өз ойларын ортаға салды. Пікірлерімен бөлісті. Тіпті осы қысқы маусымдағы демалыс күндерін де тиімді пайдалану жағы қарастырылды. Мереке Батырбекқызы мен Бақыт Саденқызының ұсыныстарына сай студенттер де ата-ана, отбасыларымен ақылдасып ортақ шешімге келетіндіктерін жеткізді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
03.01.2018
3735
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру