Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Жеңімпаздар марапатталды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 29.12.2017 3921 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: Жеңімпаздар марапатталды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Мәуліт мерекесі қарсаңында ерлер арасында Құран жарысы болып өтті. Игі шараға мешіт жанындағы «Сауат ашу» курстарында білім алып жүрген шәкірттер қатысты.

Әділқазылар сайыс барсында үміткердің Құранды жатқа айтуына, әріптердің дыбыстарын дұрыс шығарылуына, тәжуид қағидасына сай мәнерлеп әрі көркем оқуына баса назар аударды. Жарысқа 13 шәкірт қатысып, сайыс нәтижесінде Сайдулла Қуаныш Бас жүлдеге ие болып Умра қажылығына тегін жолдама алса, I орынды Таңбай Заңғарбек, II орынды Бисенбаев Жанболат, III орынды Игильманов Тобанияз жеңіп алды. Өкілдік тарапынан жүлделі орындардан көрінген шәкірттерге қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

«Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді». (Муслим). 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру