Бүгін қала əкімшілігінде қала əкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен жиын өтті.
Жиын барысында əлеуметтік қамсыздандыру бағытында атқарылған іс-шаралар қорытындыланып, жыл жұмысына сараланды. Осы орайда, қала әкімі жиын соңында бірқатар азаматтардың еңбегін ерекше атап өтіп, оларды Алғыс хатпен марапаттады. Қалалық орталық мешіттің Бас имамы Амантай Садиевке Ақтөбе қаласының əлеуметтік тұрақтылығына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Жандәулет Сүлейменовке, өзге де мемлекеттік мекеме, ұйым қызметкерлеріне Алғыс хат табыс етіп, қызметтеріне жеміс тіледі.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
29.12.2017
3823
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру