Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетімдер үйіне қамқорлық жасалды

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 29.12.2017 4600 0 пікір
Жетімдер үйіне қамқорлық жасалды

«Кімде кім мұсылмандар арасындағы бір жетімді тамақтандыру үшін үйіне ертіп апарса, (кешірілмейтін үлкен күнә (серік қосу) істемеген жағдайда) Ұлы Алла Тағала оны міндетті түрде Жәннатына кіргізеді» дейді адамзаттың асылы Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) пайғамбарымыз.

Және бір хадисінде

«Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады» делінген.

Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) өсиетіне амал етуді ниет қылған Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұжымы мен жамағаты біріге отырып, қаладағы жетімдер үйіне бас сұқты. Балғындармен сұхбаттасып, олардың алға қойған арман-мақсаттары туралы, мамандық таңдау секілді тақырыптарда еркін пікірлесті. Оларға арнап дастархан жайы. Дәм басында рухани әңгімелер айтылып, аудан өнерпаздары қамкөңіл балалардың көңілдерін жадырату мақсатында әннен шашу шашып, өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, осында тәрбиеленіп жатқан 8 балаға жамағат тарапынан 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп, қаржыны ауданның бас имамы Алмат Әли табыстады. Қосымша сыйлықтар да берілді.

Кездесудің соңында аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің директоры Айман Әбілова қонақтарға ізгі тілектерін жеткізіп, Алғыс хаттар табыстады.

«Досжан хазірет» мешітінің жанашыр жамағаты да әлеуметтік жағдайы төмен, бес балалы жанұяға жәрдемдесті. Қыс мезгілінде үйді жылыту үшін оларға отын қажет. Сондықтан жамағат жігіттері ағаштарды отын етіп жарып, көлікке тиеп, үйіне жеткізіп берді. Қосымша азық-түлікпен де көмек берілді.

Жақсылықта жарысып, мұқтажға жәрдем берген жанашыр жандардың баршасына Алла разы болсын!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру