20-25 желтоқсан аралығында РАНТ мүшелері - Қызылорда қаласындағы «Мүсірәлі ата» мешітінің бас имамы Берік Арынов, Атырау қалалық «Әттақуа» мешітінің найб имамы Серікжан Еншібай және БҚО орталық мешітінің найб имамы Қыстаубаев Мұратбек Темір ауданында теологиялық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Олар деструктивті діни көзқарастағы азаматтармен екі күндік сауат ашу семинарын, жеке және жалпы кездесулер өткізіп, мешіттерде уағыз-насихат айтты.
Семинарда «Қазіргі таңдағы өзекті ақида мәселелері», «Талас-тартыс мәселелері», «Алла Тағаланың сипаттары» және «Әлемдегі діни-саяси ахуал» тақырыптарында дәрістер оқылып, «Экстремизм эпидемиясы» тақырыбында фильм көрсетілді. Шара барысында 17 адам қамтылды.
Шұбарқұдық ауылындағы аудандық «Досжан ишан» мешіті, Шұбарқұдық кәсіпшілігі, Шұбарши ауылдық мешіттерінде тақырыпқа сай жұма намазы өткізіліп, уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді. Мұнда шамамен 535-ке жуық жамағат қатысты. Сондай-ақ, аудандық «Досжан ишан» мешітінде 6 күн бойы құптан намазынан кейін кешкі уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп, 210 тыңдаушы қамтылды. Сонымен қатар, Шұбарши мешітіндегі бесін уақытында айтылған уағызға 13 адам қатысты.
Аудан орталығында өткен дастархан басындағы басқосуда теологтар Пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) ғибратты ғұмырын, өсиеттерін тілге тиек етті. Мұнда барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
Аудандық қорғаныс істері бөлімінің жеке құрамымен өткен кездесуде деструктивті ағымдардың сипаттары мен ерекшеліктері және оның қоғамға зардабы, төндіретін қаупі түсіндіріліп, 15 адамға ақпарат берілді. Теологтар бұдан бөлек Шұбарши, Кеңқияқ және Саркөл ауылдары тұрғындарымен кездесті, сұхбаттасты.
Аталған іс-шараларда барлығы 1024-ке жуық адам қатысты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
29.12.2017
4203
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру