Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрманғазы ауданында «Мәуліт кеші» аталып өтті

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі 28.12.2017 4145 0 пікір
Құрманғазы ауданында «Мәуліт кеші» аталып өтті

Құрманғазы ауданында «Мәуліт кеші» жоғары деңгейде аталып өтті. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі мен хадистердің маңызы туралы кеңінен ақпарат берілген рухани кеште иләһи әндер де нақышына келтіріп орындалды.

Жергілікті жамағат көптеп жиналған шарада Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметов Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровқа алғыс хат табыс етті. 

Айта кетелік, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде әріден бастау алады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Мерекеде Алла Тағаланың кәламы – қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өнегелі өмір жолы барынша қыр-сырымен насихатталып, үмбетінің Алла елшісіне (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейтіле түседі. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру