Мұнайлы ауданда мәуліт атап өтілді. Аудан орталығындағы «Мирас» мейрамханасында 200 адамға арналған мерекелік дастархан жайылып, аудан ақсақалдары, тұрғындар шақырылды.
Өкіл имамның жолдауымен Мәуліт кешіне «Ақтөбе медресе» колледж директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, «Нұр Ғасыр» облыс орталық мешіті және қалалық орталық мешіттің наиб имамдары Асылхан Темірханов пен Шынболат Үмбетов қатысты. Мәуліт жырын оқып, пайғамбарымыздың (Алланың ол кісіге салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сыр шертті. Қасиетті Құран аяттары оқылып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары «Мейірімді қыз» атты сахналандырылған қойылым ұсынды. Меймандар кештен рухани азық алып қайтты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
28.12.2017
3244
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру