Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КЕЛЕЛІ КЕҢЕС – КЕМЕЛ ОЙЛАР

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.12.2017 3356 0 пікір
КЕЛЕЛІ КЕҢЕС – КЕМЕЛ ОЙЛАР

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік Университетінде «Қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен мәдениетінің қалыптасуының рухани және тарихи негіздері» тақырыбында республикалық-ғылыми конференция өтті.

Оған белгілі қоғам қайраткерлері, тарихшы мамандар, профессорлар, мемлекеттік мекеме, мұражай қызметкерлері мен имамдар қатысты. Шараны Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мен облыстық «Руханият» мұражайы бірлесе ұйымдастырды.

Келелі кеңесте профессор, философия ғылымдарының докторлары Амангелді Айталы, Алтай Тайжанов, тарихшылар Рахым Бекназаров, Бекарыстан Мырзабай, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі Нұржан Төлеповтер баяндама жасады. Мұнда Елбасы мақаласындағы басты идея – рухани жаңғыру тұсындағы діни-құқықтық мәселелерге жаңаша көзқарас, Жәңгір ханның діни көзқарасы, ұлттық мәдениетіміздегі тарихи әрі діни нысандардың алатын орны, облыс аумағындағы дін қайраткерлеріне қатысты жәдігерлерді зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу тақырыптары қамтылып, қызықты да тың мағлұматтар келтірілді. Кездесуге өкіл имамның жолдауымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Асылхан Темірханов қатысып, тақырып аясында пікірін білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру