XIII-XIV ғасырларда қазақ даласынан шыққан ғұлама ғалым жайлы «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби – ғұлама ғалым, ақын» атты жаңа монография жарыққа шықты. Автор, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керімнің айтуынша бұл кітапты жазуға ұзақ жылдар кеткен. Әлемнің түкпір-түкпіріне шашырап кеткен құнды қолжазбаларды бір-бірлеп жинап, зерттеп, аударып, қазіргі оқырманға ұсынылып отыр. Бұл өткен тарихымыз бен ата дініміздің ұстанымын анықтауда, болашаққа нақты бағдар жасауды баға жетпес қазына деуге болады.
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесер рәсімінде академик ғалым, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі:
Ал Нұр-Мүбарак университетінің ректоры профессор Жуда Басюни мырза дін ғылымын жаңғырта бастаған қазақ еліне зор ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі. Жаңа монографияның халыққа, тарихқа орасан пайдалы екендігін айта келе осы жолда тынымсыз еңбек етіп жатқан ұжымына, кітап авторы Шамшәдин Тұрсынұлына шексіз ризашылығын білдірді. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, ғалым Алау Әділбаев еліміздегі ислам діні саласындағы зерттеу саласына жан біткенін айтып, бұл еліміз үшін үлкен жақсылық екеніне тоқталды. Осындай сара жолды сонау Кеңес дәуірінде бастап берген аға буын ұстаздарына алғыстарын да айта кетті.
Осылайша көптен күткен еңбектің тұсауы кесілді. Жүзден аса жиылған ғылымсүйер қауымға кітаптан үлестірілді. Қолдарына сонау 8 ғасыр бұрынғы бабалар аманатын ұстаған ағайынның алғысында шек жоқ. Бұл «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби – ғұлама ғалым, ақын» атты еңбекте көрнекті ғалымның (1286 – 1357) өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер, бұрын зерттелмеген туындылары талданып, ешқашан жарияланбаған қолжазбаларының фотокөшірмелері қамтылған. Тұсаукесерге қатысқан мысырлық әл-Азһар университетінің ғалымдары әл-Итқани бабамыздың кітаптағы өлеңдерін оқып, ақындығына қайран қалып жатты.
Бұл зерттеудің басы, әлемнің түкпір-түкпірінде бабаларымыздың қалдырған құнды мұралары әлі де өз зерттеушілерін күтуде. Сондықтан ғылымға бет бұрған жаңа буын тұсаукесерден көп нәрсені көкейге түйіп қайтқандай.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ. Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
28.12.2017
4336
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру