Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Исатай ауданы мәуліт мерекесін өткізді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша баспасөз қызметі 27.12.2017 4373 0 пікір
Исатай ауданы мәуліт мерекесін өткізді (ФОТО)

Атырау облысы, Исатай ауданының жұртышылығы Мәуліт айына арналған рухани шараны жоғары деңгейде атап өтті. Аудан орталығының мәдениет үйінде шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров және Исатай ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайша Әбежан арнайы қатысты.

 Рухани кеште Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Алла елшісінің (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры туралы мәнді әңгіме өрбітті. «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) артында өнегелі, сабақ алатын ғибратты өмір жолы қалды. Ол адам баласы еді, бірақ ол адамзат дамуының қозғаушысы болды, тұла бойларда адами қасиеттерді жандандырды. Ал мұндай ізгі қасиеттердің «сұлтаны» – өзгені құрметтеу, сыйлау, кішіпейіл болу десек асыра сілтегендік емес. Пайғамбар (с.ғ.с.) өзгелерді құрметтеді, басқаларды құрметтеуді үйретті, сөйтті де өзі ең үлкен құрметтің қожайыны болды. Оған танытылған сыйластық ешбір пендеге бұйырмаған, бұйырмасы да анық», - дей келе, бас имам Батыржан Берденұлы рухани шараның мәніне тоқталды.

Рухани кешті илләһи әндер одан әрі әсерлендіре түсті. Шара барысында Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінің наиб имамы  Ғазиз Мадыбаев Алла елшісіне (с.ғ.с.) салауат айтты. Рухани кештің соңы мерекелік дастарханға, жылы лебіздерге ұласты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру