Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕ: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІ ҮЙРЕТІЛДІ

akt.prokuror.kz 26.12.2017 3328 0 пікір
АҚТӨБЕ: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІ ҮЙРЕТІЛДІ

 

Деструктивті ағым өкілдерімен теологиялық түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында шиеленістер мен дауларды дұрыс шешу, діни көзқараста дұрыс бағыт беруде медиативтік әдіс-тәсілдерді пайдаланудың пайдасы зор.  

Осы орайда, жуырда облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен Өңірлік медиация Орталығының басшысы А.В.Куртаеваның «Діни қоғамдастықтағы медиация Институты» тақырыбындағы тренингі өтті.

Тренингке облыстық дін істері Басқармасының қызметкерлері, теологтар, мешіт имамдары мен рухани қызметкерлер қатысты. 

Оларға дауларды шешу, сындарлы келіссөздер құру мен оларға тартудың, өз көзқарастарының дұрыстығына сендіре білудің  баламалы икем-дағдылары (жобалары) оқытылып-үйретілді. Сонымен қатар, Өңірлік медиация Орталығы мен облыстық дін істері Басқармасының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру