Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерейтойына орай ҚМДБ-ның жастар ісі секторының облыстағы өкілдігі «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!» атты еріктілер арасында эссе байқауын ұйымдастырған болатын. Ақтөбе өкілдігінің қолдауымен тұңғыш рет өткізіліп жатқан бұл байқауға «Жүректен жүрекке», «Үміт оты», «Рақым нұры», «Ақтөбе. Қайырымды жандар» еріктілер тобы мен «ДАР» еріктілер клубының мүшелері қатысып, Тәуелсіздік туралы өз туындыларын жіберді. Байқау қорытындысы бойынша эссе тақырыбын ашып, тәуелсіз елдің ұланы ретінде ойын ашық жеткізе алған Эльвира Аманқызы І орынды иеленді. Нитуллина Ақтоты мен Есім Самал ІІ және ІІІ орындарды жеңіп алды. Байқау жүлдегерлеріне және өзге қатысушыларға өкіл имамның атынан Алғыс хат табысталып, сыйлықтар үлестірілді. Шара барысында жастар ісі секторының облыстағы жауапты өкілі Асылхан Темірханов Тәуелсіздік нығметін бағалау керектігін айтып, көптеген қайырымдылық шараларына ұйытқы болып жүрген жастарға алғысын білдірді. Тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жыр жолдары оқылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
25.12.2017
4447
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру