Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Екібастұзда мәуліт мерекесі өтті

Қарлығаш Қажымәлікқызы 22.12.2017 3563 0 пікір
Екібастұзда мәуліт мерекесі өтті

Жуырда Екібастұз қаласының «Өнер» мәдениет үйінде мәуліт мерекесі аталып өтілді. Келген жамағатқа мешіттің шәкірттері қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.Онда  қолдан жасалған әртүрлі сыйлықтар, дәмді тағамдар, қолөнер бұйымдары сатылды. Бұл жәрмеңкеге мешіт шәкірттері белсенді үлес қосты.

Сонымен қатар Екібастұз қалалық мешітінің әйелдер жамағаты мәуліт мерекесін атап өтті. Мерекеге Павлодар  қаласының «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен  Қарлығаш Қажымәлікқызы, Ақерке Тұрғанбай ұстаздар 13 шәкіртімен қонақ ретінде қатысып, құттықтау лебізін білдірді. Мереке Құран оқумен ашылды. Келесі кезекте  ардақты Пайғамбарымызға кішкентай бүлдіршіндер, шәкірттер салауат айтумен жалғастырды. Викториналық сұрақтар ,көріністер қойылып, қонақтармен  түрлі ойындар жүргізілді. Өзара сыйлықтар таратылып, мәулітке арналған дастархан жайылды. Мерекеге 60 тан аса әйелдер қыздар қатысты.

Қарлығаш Қажымәлікқызы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру