Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер «Ең сүйікті жан - Мұхаммед пайғамбар» атты рухани кеш өткізді (ФОТО)

www.muftyat.kz 22.12.2017 5916 0 пікір
Шәкірттер «Ең сүйікті жан - Мұхаммед пайғамбар» атты рухани кеш өткізді (ФОТО)

 

Палодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің діни сауат ашу курсының әйел шәкірттері мәуліт мерекесін атап өтті. Ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызының «Пайғамбар (с.ғ.с)-ды қалай жақсы көреміз», ұстаз Ақерке Тұрғанбайқызының «Сүннет амалдарын ұқыптылықпен жасау» туралы уағыздарынан кейін Пайғамбарымыздың ұлағаты ғұмыры жайында дайындалған бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар әртүрлі хадистермен қатар «Қош келдің Расулалла!» атты салауат хормен айтылып, шәкірттер өздері жазған ардақты пайғамбарға арнау өлеңдерін оқыды.

 Сондай-ақ бұл кешке қатысқан  бүлдіршіндердің тәттті тілінен, бейкүнә жүрегінен шыққан салауат әндері көрермендерді өзіне тәнті етті.

Шара  шәкірттер ойнаған «Білім алу ерге де әйелгеде парыз» тақырыбындағы  бейнекөрініс, Пайғамбарымыздың тәлімді өмірі туралы бейнеролик, сұрақ-жауап ойындарымен қызықты да берері мол болып өтті.

Шара соңы ақ дастарханға ұласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру