Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы қайырымдылық

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 22.12.2017 3120 0 пікір
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы қайырымдылық

 

Тәуелсіздік мерекесі құрметіне орай облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс» қайырымдылық қызметі кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Мұқтаж болған 25 отбасына азық-түлік пакетін (ұн, шай, сұйық май, күріш, қант, макарон өнімдері салынған) үлестірумен қатар, мейірімді жандардан жиналған әртүрлі киім-кешектерді де (ер, әйел адамның, балалардың қыстық киімдері және аяқ киімдер) қажеті болған адамдар бөлісіп алды.

«Барыңмен бөліс» қызметі өткен қараша айында да мұқтаж болған 20 отбасына азық-түлік, тұрмыстық бұйымдармен көмектескен еді. Аталмыш шараға мешіт жамағаты мен демеушілер үлес қосуда.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру