Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ САУАТТЫ АРТТЫРҒАН СЕМИНАР

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 21.12.2017 3234 0 пікір
ДІНИ САУАТТЫ АРТТЫРҒАН СЕМИНАР

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы ұйымдастырған "Нұрлы білім" семинары өз мәресіне жетті.

Мешіттің ер және әйел жамағатына арналған оқыту семинарын исламтану мамандығы бойынша тұңғыш PhD доктор Қайрат Құрманбаев және Маңғыстау облысының өкіл имамы әрі теолог Смайыл Сейтбеков жүргізді.

Олар жамағатқа xанафи мәзһабының құндылықтары, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында, сондай-ақ, зайырлы қоғамдағы діндар әйел, отбасы, исламдағы неке, талақ тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бірнеше күндік семинар облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті, қалалық орталық және «Нұрдәулет» мешіттері, сондай-ақ, әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында өтіп, кешкілік уақыттарда үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Дастархан басында басқосулар да ұйымдастырылып, жамағаттың сауалдарына жауап берілді. Шара барысында барлығы 4000-нан аса жамағат қамтылып, қатысушыларға әдістемелік құралдар таратылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру