Бүгін Мәуліт мерекесі мен ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Сырым аудандық орталық мұсылмандар мешітінің экс – имамы Бақытжан Сабырәлиевті салтанатты түрде қабылдады.
Бақытжан Құралбайұлының Сырым ауданындағы еңбегі тек әкімге ғана білінген жоқ. Ол кісінің діни ғана емес, ағартушылық жұмыстары да жақсы нәтиже бергенін ел растайды. Осы арқылы имам мырза аз уақыт ішінде ауданның рухани көсеміне айнала білді. «Жымпиты - Мәскеу» халықаралық экспедициясының да мүшесі болған Бақытжан Құралбайұлы тарихи – танымдық жұмыстарға да қал – қадірінше үлес қосты.
Бақытжан Сабырәлиев бүгінгі күні Батыс Қазақстан облыстық мешітінде наиб имам қызметін атқарады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ, Сырым ауданы
21.12.2017
3800
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру