Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін қызметкерлері балалар үйінде

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі 21.12.2017 3520 0 пікір
Дін қызметкерлері балалар үйінде

 

Тәуелсіздің күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі атынан найб имам Икрам Бақытжан және Қажылар қауымдастығының төрағасы Ғайсин Жақсылық Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды.

Өз кезегінде мұндағы тәрбиеленушілер тәуелсіздік күніне орай дайындаған өнерлерімен бөлісті. Ал дін өкілдері тәрбиеленуші жасөспірімдерге тәттілер мен киім-кешек табыс етті.

Бұл шара тәрбие үйінің басшылы тарапынан қолдау тауып, мешіт ұжымының басшысы Бахытбек Нұрғабылұлына алғысын хатпен жеткізді.

«Біздің болашағымыз болып табылатын балалар алдағы уақытта өзінің жанұясында тәрбие алса екен» деген тілек білдірді Жақсылық ата.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру