Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары жылды қорытындылады (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 20.12.2017 3475 0 пікір
Маңғыстау имамдары жылды қорытындылады (ФОТО)

Маңғыстау облысына қарасты барлық деңгейдегі мешіт имамдары 18 желтоқсан күні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде өкіл имам Смайыл Сейтбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте 2017 жылды қорытындылады.

2017 жыл барысында Діни басқарма тарапынан міндеттеген тапсырмалар толық орындалып, нәтижелі жұмыс жасалды деуге болады. Өкіл имам жыл бойынша атқарылған жұмысқа тоқтала келе, бейне ролик ретінде әзірленген облыс бойынша атқарылған жылдық есепті көрсетіп, барша имамдарға алғысын білдірді. Сонымен қатар 8 желтоқсан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының VIII құрылтайы және жаңа сайланған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазретті, наиб мүфтилерді таныстырып, Бас мүфти тапсырмасына сәйкес әрбір имам жауапкершілікпен қызмет етуі тиіс екенін атап өтті.

Алдағы уақытта да Діни басқарма міндеттеген тапсырмаларды дер кезінде жоғары деңгейде атқаруымыз керек деп жиналысты қорытындылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру