Қасиетті Тәуелсіздік мерекесі күні Степногорск қаласына қарасты алтын кеніші орналасқан Бестөбе кентінде спорт кешені салтанатты жағдайда ашылды.
Ашылу рәсімін Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит және осы жердің тумасы, отставкадағы генерал Бекім Мұқышев өткізді. Өкіл имам жиналғандар алдында тағылымды уағыз айтты.
Бестөбе — байырғы алтын кеніштерінің бірі. Мұнда соңғы жылдары қылмыс атаулы да өршіп кеткен еді. Бұзақылық та, діни жат ағым өкілдері де жиі көрініс беріп, елден тыныштық кеткен-ді. Жергілікті мешітке Жасылан Махатов имам болып тағайындалғалы бері елдің иманға деген ықыласы күрт өзгерді. Бұрнағы жылы мешіттің ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесі бүкілхалықтық шара ретінде тойланды. Бұл шараға қазіргі Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет қатысып, жақсы баға берген еді. Енді міне, жергілікті имамның ұйытқы болуымен іргелі спорт кешені пайдалануға берілді. Ескі, қаңқасы қалған көкөніс қоймасын қайтадан салып, осы заманғы спорт ғимаратына айналдырды. Қазір кісі танымастай өзгеріп, сәулетті нысанға айналған құрылысты көріп, бестөбеліктер де имам Жасылан Махатовқа ризалығын білдірді.
Ал имамның өзінің айтуынша, мұнда күрес мен жекпе-жек түрлерінен үйірмелер жұмыс істемек. Біз оның себебін сұрағанда, жастардың бос уақыттарын өткізетін орын жоқ. Спорт адамды ержүректікке, ал мешіт иманға ұйытады. Осыған дейін мешіт имамының мұрындық болуымен күрес және жекпе-жек үйірмелері ашылған-ды. Бірақ жаттығатын зал жоқ еді.
Бір қуантатыны, мұнда соңғы жылдары жат ағымға бой ұрғандар қатары азайды. Бұл жайлы имам:
Спорт кешені де имамның бастамасымен салынып отыр. Бір айтарлығы, бұған жұмсалған жиырма миллион теңге көлеміндегі қаражатты ауылдың қарапайым адамдары жинап берген екен. Бұл да өзгеге өнеге болатын іс қой. Бірлігі жарасқан елдің алар биігі де жоғары. Ал, имам мен ауыл тұрғындарының ортақ мүдде жолында осылай күш біріктіруі діннің де құдіретін білдірсе керек.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.12.2017
3849
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру