18-желтоқсан. Астана. Sunna.kz – Жаңа наиб мүфти Астана жамағатына уағыз-насихат айтты.
Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов, жаңадан тағайындалған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан мырзаны мешіт жамағатына таныстырды. Күллі адамзаттың ардақтысы болған пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы – киелі мәуліт айымен қатар келген, Ел тәуелсіздік мерекесіне орай, арнайы келген наиб мүфти Астана жамағатын еліміз үшін аса маңызды мереке тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, ел егемендігінің нығая беруі жолында аянбай қызмет етуге шақырды.
Сонымен қатар, құптан намазына жиналған жамағатты наиб мүфти, еліміздің береке-бірлікте болуын және білімді мұсылман болу үшін ұдайы ізденіс пен жаңаруда болуы жайында уағыз-насихат айтты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі
19.12.2017
3387
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру