Кеше Тәуелсіздік күніне орай «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің асханасында мерекелік дастархан жайылды. Өкіл имамның бастамасымен өткен басқосуға қала имамдары, «Нұр Ғасыр» мешіті мен медресе қызметкерлері, олардың жанұясы, жақындары тегіс жиналды.
Өкіл имам Төлеби Оспан баршасын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ел іргесінің мықтылығы, бейбіт күннің баяндылығын тілеп, дұға етті. «Ақтөбе медресесінің» директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков пен қала имамы Амантай Садиев те ізгі тілектерін жеткізіп, тыныштық пен тоқшылық заман секілді теңдессіз нығметтердің қадіріне жете білу керектігін тілге тиек етті.
Биыл өкілдіктің жылдық жұмысы жақсы нәтижемен қорытындыланды. Өкіл имам барша қызметкерлерге ауызбіршілікті сақтап, жыл бойына белсенді қызмет еткендері үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады. Естелік сыйлықтар да тарту етілді.
Дәм басында құран аяттары оқылып, ғибратты әңгімелер айтылды. Баламен бала бірге ойнап, көңіл көтерді. Тәуелсіздік туралы әзірлеп келген тақпақтарын жарыса айтып, сыйлық та алды. Апалар, қыз-келіншектер арқа-жарқа болып әңгімелесіп, жанұялар өзді-өзі жақынырақ танысты. Жанұя жарасымы мен бауырмалдылықты, бүтіндікті насихаттаған басқосудың мәні де осында жатыр. Ұжымдағы ұйымшылдық пен достықты, отбасы құндылықтарын дәріптеуді өз сөзінде үнемі тілге тиек етіп жүретін Бас мүфти осы мәселеге ерекше мән артады. Өйткені мұсылманшылық адамның әрбір іс-әрекетінде көрініс таба білуі тиіс.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
19.12.2017
3610
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру