Егеменді ел қылып, көк туымызды жоғарыға желбіреткені үшін Жаратушыға мың сан шүкірлер болсын. Еліміздің айтулы төл мерекесі жер-жерлерде атап өтілуде. Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінің ұжымы да, қақаған аяздың суығына қарамастан, қаланың көркейту қызметімен жүрген бауырларымызға жүректеріне жылулық ұялататын сөздермен қатар, ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
Тәуелсіздігіміздің туы желбіреген мерекелі күнде қалалық көркейту қызметінің қызметкерлері шын көңілден мешіт қызметкерлеріне алғысын білдіріп, мұсылмандардың осындай ауызбіршілігі мәңгі жалғасып, амандық, бейбіт, тыныштық өмір сүруімізге тілектерін білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
19.12.2017
3103
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру