Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

AINAMED Мәуліт мерекесіне орай жеңілдіктер жасауда

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.12.2017 3385 0 пікір
AINAMED Мәуліт мерекесіне орай жеңілдіктер жасауда

Хижри жыл санауы бойынша биылғы жылы 30 қараша күні Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың дүниеге келген күні. Яғни Мәуліт. Осы айда көптеп Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтқан өте орынды.

Сонымен қатар мүмкіндігі бар әрбір мұсылман айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға шарапатын тигізіп, қолдан келгенше жақсылық жасауға ұмтылғаны абзал. Жалпы, қайырымдылық адамзат бойындағы ең ізгі қасиет болып табылады.

img01

Бір қуаныштысы, арамызда ондай жүрегі жомарт кісілер баршылық. Мәселен, Айнаш Қуанышқызы Ақбаева жаны ізгілікке толы жан. Ол басқарып отырған «AINAMED» тіс емдеу орталығы осы Мәуліт айында барлық қызметтің түріне 15 пайыздық жеңілдік жасап отыр.

Осынау қазақтың аяулы қызы «Келем деушілерге есігіміз айқара ашық»- дейді.

img01

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру